Аудан прокуроры баспасөз брифингін өткізді
Аудан прокуроры Бекпанов Мадияр Ертарғынұлы өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Өткізілген кездесуде аудан прокуроры алдымен қадағалау аумағындағы қылмыстық жағдайға тоқталды.
Аудан көлемінде 2021 жылы 193 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.
Алайда, жекелеген қылмыстар бойынша, оның ішінде кісі өлтіруге оқталу 100%-ға (0-ден 1-ге), ауыр қылмыстар 8%-ға (56-дан 64-ке) өсім алған.
Тіркелген қылмыстық істердің ашылуы 45,2%-ға өсім алған.
Айыптау актісімен 55 адамға қатысты 50 қылмыстық іс, бұйрықтық іс жүргізумен 4 адамға қатысты 4 қылмыстық іс, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен 12 адамға қатысты 11 қылмыстық іс соттың қарауына жолданған. 179 қылмыстық іс электронды форматта тергелген. Сонымен қатар аудандық прокуратурамен азаматты заңсыз ұстаудың 1 дерегін анықтаған.
Атап айтқанда, Арал аудандық ІІБ-нің ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторымен жәбірленуші Арал қаласының тұрғыны А.Д. (аты-жөні өзгертіліп алынды) мал ұрлығы оқиғасы бойынша қорғалуға құқығы бар куә ретінде Арал қаласының тұрғыны М.Б. қылмысқа қатыстылығы бар деген негізде 30.09.2021 жылы сағат 14:15 минутта алып келіп 18:10-ға дейін аудандық ІІБ-не қарасты Арал қаласы, М.Сәдібеков көшесі №43/б мекенжайда орналасқан тірек пунктінде ешқандай құжат хаттама толтырмай, 3 сағаттан артық заңсыз ұстағаны анықталып, аудан прокурорының 30.09.2021ж. қаулысымен М.Б. Арал аудандық ПБ-не қарасты трек пунктінің қызметтік бөлмесінен дереу босатылған.
Мұнымен бірге аудан прокуроры қылмысқа бейім азаматтардың жүріс-тұрысына апта сайын бақылау жүргізіліп отыратынын атап өтті. Оның ішінде пробациялық бақылаудағы адамдар, бұрын сотты болғандар, ішімдікке және есірткіге тәуелді адамдар, шартты түрде мерзімінен босатылғандар бар.
Өткен жылы пробация есебіне 71 сотталған азамат есепке алынып, оларды тиісті жұмыстармен қамту, әлеуметтендіру, кәсіпкерлік қызметте оқыту, қайтарымсыз несиелер алдыру, қайта қылмыстарға бармау жұмыстары ұйымдастырылған.
Нақты айтқанда, есептегілердің ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген 28 тұлғаның барлығы жұмыспен қамтылған болса, 3-еуі кәсіпкерлік оқуға тіркеліп, олардың әр қайсысы 583400 теңгеден қайтарымсыз несие алып, кәсіпкерлік қызметпен айналысуда.
Осымен бірге, пробациялық бақылау белгіленген сотталғандарға әлеуметтік беймделуге әр бағытта жалпы 163 көмек көрсетілген (медициналық-46, психологиялық – 37, құқықтық көмек – 77, құжат жасатылғандар-3).
Атап өтетін жайт, аудандық прокуратурамен және аудан әкімдігімен бірге пробация қызметі бөлімінің есебіндегі тұлғалардың келуін фиксациялайтын автоматтандырылған биометриялық терминалды орнатуға арнайы қаражат бөлу шараларын қарастыру мәселесі ұйымдастырылып, нәтижесімен пробация бөліміне аталған құрылғы орнатылып, тиісті бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық прокуратурамен жазалардың орындалуын қадағалау барысында талдау жасалып, орын алған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға байланысты 4 ұсыныс енгізіліп, қорытындысымен пробация қызметі бөлімінің 1 қызметкері, аудандық полиция бөлімінің 2 полиция қызметкері әр түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.
Әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау бағыты бойынша 2021 жылы 2 тексеру, 28 талдау жүргізіліп, нәтижесімен 28 ұсыну, 13 наразылық қаралып, жергілікті әкімдермен заңсыз қабылданған 153 өкім, шешімдері өзгертілді. Жүргізілген талдаулар нәтижесімен 2 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.
Қадағалау жұмыстары нәтижесінде 11369 адамның құқықтары қорғалды, 71 тұлға тәртіптік, 14 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 39,7 млн. теңге бюджетке өндірілді.
Мысалы, еңбек заңнамасының сақталуына аудандық прокуратурамен жүргізілген талдаумен білім беру ұйымдарындағы ұжымдық шарттарына өзгерістер енгізіліп, 3628 жұмыскердің құқықтары қалпына келтірілді.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау саласы бойынша да біршама жұмыстар атқарылған.
Атап өтсек, мемлекет пайдасына қаржы өндіру санатындағы атқарушылық құжаттардың заңдылығы зерделеніп, нәтижесімен заң бұзушылықты жою жөнінде 4 ұсыну енгізіліп, қаралу қорытындысымен мемлекеттік сот орындаушы және 2 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 5,9 млн. теңгені құрайтын атқару өндірістері аяқталған.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес алимент өндіру санатында 826 атқару құжаты болып, оның ішінде 117 атқару құжаты аяқталып, 709 атқару құжаты қалдықта болып, оның 408 атқару құжаты мерзімдік орындауда, 19 борышкерге іздеу жариялануына байланысты және өндіріп алушының арызы негізінде уақытша тоқтатылған.
Сондай-ақ, аудандық прокуратурамен алимент өндіру санатындағы берешек қарыздары жиналған атқару құжаттары зерделеніп, нәтижесімен алимент өндіруден жалтарып жүрген 5 борышкерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аталған санаттағы атқару құжаттарының заңдылығы зерделеніп, нәтижесімен 2 жеке сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігі шешіліп, өндіріп алушыға 1,5 млн. теңге өндірілген және проблемалық құжаттар бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының талабына сәйкес берешек қарызы бар 5 борышкердің көлік жүргізу құқығы уақытша тоқтатылған.
Борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген.
Брифинг соңында аудан прокуроры журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі