Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарты бар елдің қазынасы бар

Қарты бар елдің қазынасы бар

Қазақ халқы үлкеннен ұлағат алып, қашанда құрмет көрсете білген. Олардың әр сөзін, ақылын, тілегін орындауға асыққан. Тіпті жаугершілік заманның өзінде үлкеннің сөзінен аттап, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың кесіміне қарсы келмегені тарихтан белгілі. Өйткені олардың әр тәлімінде ұлағат бар.
Тілеуі адал, арманы татулыққа айналған ардақты жандар қазір де қарттықтық құнын көрсетіп, бір елдің ұйытқысына айналып отыр.
Бүгінгі бүкілхалықтық референдумға қатысып, сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасаған бір топ аталарымыз бен әжелеріміздің тілегі бір.
– Біз балалығымызды соғыс уақытна құрбан еттік. Кейін Кеңестік қыспақты да көрдік. Қазақты өзге ұлттың басқарғанына шыдадық. Бірақ егемендікке қол жеткелі ұлттығымыз қайта оянды. Рухымыз асқақтап, қазаққа өз перзентін Президент етіп сайладық. Өз Ата Заңымыз үстемдік құрды. Бірақ уақыт жылжыған сайын қоғам өзгереді. "Заманың түлкі болса, тазы болып шал" дегендей біз де сол өзгеріске дайын болу керекпіз. Бүгінгі Референдум соны көрінісі. Әсіресе, ең қуанатынымыз бұл Сайлау демократияның не екенін білдірді халыққа. Билік пен халықтың арасындағы көпір нығайды. Бұқараның басшыға деген сенімі артты. Лайым солай болсын. Біздің өміріміздің айнасы да, мақсаты да ұрпағымыздың бақытты күн кешуі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! – дейді.
Сондай-ақ үлкеннің батасымен көгерген жастардың да өз таңдауын жасауы қажеттігін, елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық міндетті екенін айтты.

"Толқын" ақпарат
05 маусым 2022 ж. 837 0