Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті Эльмира Манасқызы!

«Өнер – ұлттың жаны» дейтін болсақ, туа бітті талантыңызбен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени танымы мен талғамын қалыптастыруда елеулі еңбек етіп келесіз.
Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз саналатын төл өнерімізді насихаттау мен өскелең ұрпақтың бойына сіңірудегі өнегелі қызметіңіз толағай табыстарға толы болғай.

Көп жылғы еңбегіңіз бағаланып, «Өнертану» мамандығы бойынша профессор (доцент) ғылыми мәртебелі атағын иеленуіңізбен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін.
Айдынды Аралымыздың атын асқақ ететін ізбасарларыңыз көбейе берсін!

Құрметпен,
Арал ауданының әкімі С. СЕРМАҒАМБЕТОВ
07 маусым 2022 ж. 401 0