Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

Құрметті медицина қызметкерлері!
Қадірлі салаардагерлері!
Күллі дүниенің кірпігіне мұң, көкірегіне шер тұнғанда алғы шепке қас батырдай шығып, тайсалмай күресетін–  Өздеріңіз!
Жүрегі мейірімге толы, көңіл көкжиегі нұрға оранған дәрігер деген қауымның қай кезде де қоғам үшін орны ерекше. Сондықтан болса керек, әрбір адам дертіне дауа тапса, «Алтын қолды дәрігер», «Ақ халатты абзал жан» деп әспеттеп, қоғамдағы орындарыңызды биіктетіп, бұл мамандық иелерінің қадірін арттырып жатады. Әрине науқас жанында түн ұйқысын төрт бөліп, бозторғай құстай шырылдап жүретін шипагерді қалай құрметтесек те артықтық етпейді. Бүгінде тарих беттерінде қалып бара жатқан «Covid-19» індетінің салдары санамыздан өшкен жоқ. Сол бір уақытта күн сайын мыңдаған адам мезгілсіз індет шеңгеліне ілініп жатқан кезеңдерді де бастан кешірдік. Міне, сол шақта біздің Аралдың ақжүрек ақ халаттылары да алғы шептен көріне білді! Міне, бұл – адамзат баласының ақ халатты, пәк жүректі дәрігер  деген мамандықтың алдындағы қайтарымсыз қарызы, бұлжымас борышы!
Өздеріңізге мәлім, халықтың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында қолдан келер мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінде аудан халқының денсаулығын сақтау мақсатында емдеу және алдын алу мекемелерінде өзі таңдаған кәсібіне, күш-жігерін, білімін, тәжірибесін арнаған 140 дәрігер, 690 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасап келеді. 
Құрметті медицина қызметкерлері!
Адамның тәнімен қатар, жанын да емдейтін Сіздердің қай кезде де елдік мұраттардан қалыс қалмай, Жаңа Қазақстанымызды Мемлекет басшысымен қатар құруға зор септіктеріңіз тиетініне сенімім кәміл! Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қажырлы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Салауатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
19 маусым 2022 ж. 604 0