Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айбыны асқақ Ата Заң

Айбыны асқақ Ата Заң

Кеше аудандық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Аталмыш шараға аудан әкімі С. Сермағамбетов қатысып:-« Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі - Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Конституция – қағаз жүзіндегі құжат емес, елдің, халықтың, әрбір азаматтың өмір сүру ережесі. Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды. Биыл ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі – республикалық референдум өткізілді. Бүгіннің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәтте барша қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Нәтижесімен Ата Заңымыздың 33 бабына қайта түзету енгізілді. Аудан халқы аталған саяси науқанда белсенділік таныту арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істерде жарқын жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Айтулы мереке қарсаңында өздеріңізге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!»-деп ізгі лебізін жеткізді.

Ата Заңымыз ұлықталған тәуелсіз еліміздің айшықты мерекесінде ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, жас ақындардың жаңа туындылары тыңдалған, мың бұрала билеген бишілер өнер көрсеткен мерекелік концертпен жалғасты.
"Толқын" ақпарат 

28 тамыз 2022 ж. 566 0