Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Кеше аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевтің төрағалығымен аудандағы көлік салығының түсімдерінің орындалу барысы жөнінде мәжіліс өтті.
Жиынға дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатыcты.
Алдымен аудан бойынша көлік салығының түсімдерінің орындалуы жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Рашев хабарлама жасады.
Баяндамашыдан соң, аудан әкімінің орынбасары жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы түсімдері аз орындалған ауылдық округ әкімдерінен межеленген жоспардың орындалмау себебін сұрады. Одан соң, кент және ауылдық округ әкімдеріне аудандық кірістер басқармасымен тығыз жұмыс жасап, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу қажеттігін ескертті.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда, Ел Президентінің пәрменін басшылыққа ала отырып, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне меже дайындалды. Бұл жоспардың орындалуы бойынша баяндама жасаған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова, жыл аяғы жақындаған кезеңде әлі де толық орындамаған ауылдық округтерді атап өтті.
Еркін Жұмаханұлы, тиісті әкімдерге аталған мәселені шешу барысында жоспарға сай жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Сонымен бірге жиында алдағы уақытқа жоспарланған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру жұмыстарының барысы талқыланды.
Аудан әкімдігіінң баспасөз қызметі

29 қыркүйек 2022 ж. 407 0