Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШАДЫ

Бүгін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламенттің бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Білім күні мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян.
Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Сонымен қатар Президентіміз « Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырып, мектепке дейінгі білім беретін ұстаздардың еңбекақысын көтеру қажеттігін атап өтті.

Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін аса маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей болды.

Оспанов Нұралы Шүйіншалыұлы, партия ардагері
07 қазан 2022 ж. 325 0