Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Аудан әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың қатысуымен аудандық қоғамдық кеңестің 2023 жылғы алғашқы отырысы өтті.
Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Алдаберген Жоланов жүргізіп, қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру және қоғам мүддесін қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және оларды шешу мақсатында құрылған консультативті-кеңесші орган ретінде қызмет етіп келе жатқандығын айтты. Мұнан соң, кеңес мүшелеріне күн тәртібіндегі мәселені таныстырып, 2022 жылы аудандық қоғамдық кеңес арқылы атқарылған жұмыстарды баяндады.
Одан соң аудан әкімі сөз алып:
- Біз әрдайым аудан халқының ұсыныс-пікірлерін ескеріп, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап беріп келеміз. Міне бүгін өздеріңізбен бірге жыл басында бас қосып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралайтын боламыз. Барыс жылы – ауданымыз үшін берекелі, ырысты, табысқа толы әрі, еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси оқиғаларға толы жыл болды»-деді.
Алдымен аудан басшысы 2022 жылы аудан көлемінде ауқымды істер мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Былтыр аудан орталығынан кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкерлік үйі» бой көтергенін және бұл нысан қазіргі таңда кәсіпкерлер мен кәсібін бастаймын деген азаматтарға бизнес кеңес беру секілді қызмет түрлері ұсынылып жатқанын жекткізді. Сондай ақ, 2022 жылы аудан тұрғындарына таңдау еркіндігі болуы үшін «КМФ» шағын қаржы ұйымы мен «Банк Центр Кредит» және «Еуразиялық» банкінің қаламызда бөлімшелері ашылып, «Халық» банкі заманауи талаптарға сай жаңа ғимаратқа көшкенін атап өтті. Сонымен қатар, ауданымыздағы сауда, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне жергілікті азаматтардың қолдауы үлкен екенін айтып, былтырғы өзінде 1,5 миллардтан астам қаржы жұмсалынғанын жеткізді.
2022 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. Аудан әкімі өз сөзінде, өткен жылы ауданға 16,6 млрд. теңге инвестиция тартылғанын айтты. Оның ішінде, инвестицияның басым бөлігі, яғни 75 пайызы ауылдық елді мекендерге тартылса, бюджет қаражатына деген тәуелділікті төмендету мақсатында, тартылған инвестицияның 65 пайызы жеке сектор қаражаттарын құрағанын жеткізді.
Сонымен бірге, ауылшаруашылығы саласы бойынша 2022 жыл аралдық дала еңбеккерлерінің жемісті жылы болғанын тілге тиек етті. Ауданымыз «Мал және балық шаруашылығын дамыту» бойынша аудандар арасында үздік атанғанын айтты. Бұған қоса, ауылшаруашылығын дамытудың 2022-2024 жол картасы бекітіліп, оның негізінен 3 бағытқа, яғни мал, балық және егін шаруашылығын дамытуға көзделгенін түсіндірді.
Одан бөлек, 2022 жылмен салыстырғанда биылғы жылы аудан бюджеті трансферттер мен кредиттерді қоса алғанда барлығы 14,4 млрд. теңгені құрап, 2 есеге артық болып бекітілгенін айтты.
Сөз соңында аудандағы барлық саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, қоғамдық кеңес мүшелеріне атқарылып жатқан жұмыстардың бағытын халыққа жан-жақты түсіндіру қажеттігін айтты.
Жиын барысында кеңес мүшелері де өздерінің ұсыныс-пікірлері мен талап тілектерін ортаға салды.
Алдымен қоғамдық кеңес мүшесі Арал ауданы бойынша білім бөлімі басшысының кеңесшісі Амангелді Бөлекбаев сөз алып аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мұнан соң, білім саласының ардагері Нұралы Оспанов, ардагер Аманжол Жолмағанбетов, ардагер, көше комитетінің төрағасы Жақсыбай Жұқабаев, Ельвия Тазиева, қоғамдық кеңес мүшесі Сауле Елемесов ұсыныстарын айтып, алдағы атқарылар жұмыстардың табысты болуына тілектестігін білдірді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі  
12 қаңтар 2023 ж. 392 0