Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып:
-«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемде қанша мамандық болса да әрбірінің адам баласы үшін өзіндік маңызы зор. Дегенмен, адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орны ерекше. Бұл мерекені ерен еңбектеріңіздің дүйім жұртшылықпен бағаланатын күні деп есептеуге болады. Сіздердің қалтқысыз қызметтеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай жандардың тағдыры тұр. Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз! Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қажырлы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.»-деп ақ халатты жандарға ізгі лебізін білдірді.
Мерекелік кеште халық саулығы үшін өлшеусіз еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шарада әуелете ән салып, би билеген медицина қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды.






"Толқын" ақпарат