Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Аудан әкімі мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

Кеше мемлекеттік сенім мандатын арқалаған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтті.  
Мерекелік шарада аудан әкімі С. Сермағамбетов қатысып: -«Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.
Осы ретте, терең біліктілік пен іскерлікті талап ететін жауапкершілігі мол салада еңбек етіп ауданымызды өркендету бағытындағы істеріңізге сәттілік тілеймін!
Егемен еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын. Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,-деп ақжарма тілегін білдірді.
Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік қызметте өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, білікті маман ретінде   ауданның көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара барысында ауданның ардагерлері бүгінгі буын, жастардың еңбектеріне сәттілік пен алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Мұнан соң мемлекеттік қызметтегі жастар алдағы аға буынмен пікір алмасып, өмірлік тәжірбиесі мол ел азаматтарының ғибратты ғұмыр жолдарын тыңдады. Сондай-ақ қызметтегі түрлі қиындықтарды жеңу мен жетістікке жету туралы ақыл кеңеске қанықты. Қоғам мен ел дамуы үшін еңбек етіп жүрген жандардың мерекесі емен-жарқын сұқбатпен қорытындыланды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 маусым 2023 ж. 214 0