Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2023 жылғы 29 маусымдағы өкімімен Қаратаев Жасұлан Ұзайырұлы «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Персоналды басқару қызметі» бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Қаратаев Жасұлан Ұзайырұлы – 1987 жылы 25 қазанда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2009 жылы Қызылорда жоғарғы көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжін «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Болашақ» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Арал ауданы әкімі аппаратының инспекторы болып бастаған.
2018-2020 жылдары Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2020 жылдың ақпан-қараша айлары Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы;
2021 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.
01 шілде 2023 ж. 154 0