Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда Астана күні атап өтілді

Аралда Астана күні атап өтілді

«Елімнің жүрегі – Астана». Бүгін Арал қаласында осындай атаумен елорданың 25 жылдығына орай мерекелік шара өтті.
Астана күніне арналған салтанатты кеште сөз алған аудан әкімі Серік Сермағамбетов бүгінде елдің төрі – елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірліктің ордасы болғанын, бас қаламыздың алпауыт мемлекеттермен иық тірестіріп дамып келе жатқанын жеткізді.
«Сіздерді еліміздің бас қаласы – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап ел астанасы бүкіл әлем таныған жаңа саяси орталыққа айналды. Қазіргі елорда – әлемдегі саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орынның бірі. Тәуелсіз Қазақстанның өз қолымен орнатқан ең бірінші Елордасы - татулықтың тұрағы, бейбітшіліктің бесігі, жасампаздықтың жарқын үлгісі! Ұлтымыздың ұлы армандарының ақиқатқа айналған тарихи шежіресі. Осы тұста, бас қаланың көркейіп, сәулетіне сәулет қосуы – біз үшін зор қуаныш. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!»,- деп ізгі лебізін білдірді.
Еліміздің бас қаласының мерейтойына арналған кеште аудан өнерпаздары Астана, Отан, туған жер туралы ән мен жырдан шашу шашты. Салтанатты шарада талантты жастар өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
"Толқын" ақпарат
07 шілде 2023 ж. 204 0