Мемлекет қолдауын сезініп келеміз

– «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалыста отырған әйелдерге жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Белгілі бір есептеулермен республикалық бюджеттік комиссияға өтінім бердік. Тағы да қайталап айтамын, бүгінгі таңда барлық ұсыныс пен жаңашылдық елдің экономикалық мүмкіндіктеріне тәуелді. Әзірге бұған қатысты оң жауап болған жоқ. Қазір тағы да негіздеп, өтінім береміз»,-деді Жақыпова Астанадағы трагедияға қатысты түсініктеме берген кезде. Бүгінде еліміз бойынша ана мен балаға берілетін көмектің барынша тиімді шарттары қарастырылып жатқандығынан хабардармыз.
Иә, жаңарау мен жаңғыру жолында көптеген бастамаларды жүзеге асырып жатқан мемлкет басшысы биылғы жылы басымдық алатын басты мәселені өзінің 2018 жылдың 5 қазанында жолдаған Жолдауында айтып өтті. Ол халық табысы мен тұрмыс сапасын арттыру болатын. Биылғы жыл біз үшін сонысымен де ерекше. Бастысы еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.
М.Әбиева,
«Күміс алқа» иегері, батыр ана.