Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қадірлі ағайын!
Құрметті жерлестер! 
Тәуелсіздік мерекесі – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн.
Осынау Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді тізбелесек, айтып тауыса алмасымыз анық.
Тәуелсіздіктің арқасында көпұлтты халқымыздың алдынан жарқын жол ашылды. Тіліміз, діліміз, дініміз жаңа белеске бет түзеп, қайта жаңғырды. Жүзі бөлек – жүрегі бір, түрі бөлек – тілегі бір ел-жұртымыздың ынтымағы ырысты, достығы дархандыққа ұласты.
Бүгінде көпұлтты Қазақстан халқы ұлы мұратқа бет алды. Татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақтың ұясына, татулықтың төріне айналды. Сондықтан айтулы мереке әрбір қазақ азаматының жанына жақын, жүрегіне ыстық.
Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылыққа негізделген мемлекетіміздің экономикасы қарыштап дамып, бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем, келешегі кемел ел болды.  
Елдің даму көшінде аралдықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдімін.
Ардақты ағайын!
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов
16 желтоқсан 2023 ж. 373 0