Ғасыр жасаған әжейге құрмет көрсетілді

Жиеналева Көркей әжей 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Мәуелі бәйтеректей үлкен әулеттің отын маздатқан отанасы бүгінде ұрпақтарынан 12 немере 52 шөбере сүйіп отыр.
Ұзақ жылдар бойы балық зауытында қызмет етіп, еңбек ардагері атанған әжей құрмет көрсетіп, арнайы құттықтап келген азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Фото: Арал ауданы әкімдігі