Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтық семинар өткізілді

Аймақтық семинар өткізілді

Балабақшада жаңартылған білім бағдарламасының орындалуы бойынша аралық мониторинг жасау жолдары. Осындай атаумен Ақбай елді мекеніндегі «Қызғалдақ» балабақшасында аймақтық семинар өткізілді. Шараға балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысып аталмыш тақырып төңірегінде сөз қозғады. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, ұлттық би мен әуезді әндерден шашу шашылды.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Балғын Құдайбергенова үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына тоқталып, балабақшалардағы атқарылған жұмыстар мен алдағы межелі міндеттерді айқындап берді. Қатысушылар қауымы еркін пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.


Арал аудандық білім бөлімі 
23 ақпан 2024 ж. 275 0