Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
 Еліміздің рухани байлығын еселеп, бабалар аманаты - асыл мұралар жүгін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, төл өнеріміздің тінін тарқатып, халықаралық деңгейде танытуда мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің алар орны ерекше.  
Алаштың анасы атанған Сыр елі, оның ішінде қасиетті Арал топырағы адуынды, аузы дуалы, терең ой мен маржан жырдың иесі атанған өнер майталмандарына кенде емес. Сол дарабоздардың ізін жалғап, тәңір сыйлаған қасиетті кәсіптеріңіз арқылы халық қошеметіне бөленіп келесіздер.
 Рухани жауһарларымыз бен құндылықтарымыздың халықаралық деңгейде танылуы, əлемдік қауымдастық алдында егемен Еліміздің абыройының үстем болуы – Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі деп білемін.
 Аймақ мәдениеті мен өнерін өрістету, ұлттық мәдени мұрамызды әлемге таныту, бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттаудағы еңбектеріңіз жемісті болғай!
 Мерейлі мерекелеріңізбен!!!Өздеріңізге зор денсаулық және халқымыздың бүгіні мен жарқын болашағына қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.
 Мәдениеттің мәуелі көшін бастап, ұлт руханияты мәртебесін асқақтата берулеріңізге тілектеспін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
21 мамыр 2024 ж. 247 0