«Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді»

«Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында. Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде. Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын – азат ойлы, жаңашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел білімге ден қойып, қажырлы еңбек пен өзін өзі толассыз жетілдіруді өмір салтына айналдыруы қажет. Демек, бүгін де болашақ үшін құлшына іске кірісетін, жігерімізді жанып, санамыз бен өмірімізді өзгертетін сәт тағы туып тұр. Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» деп, тәмамдалатын туындыдан әрбіріміз мол сабақ ала аламыз.
Сондықтан, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» барша қазақстандықтардың сүйіп оқитын кітабына айналып, қалың қауымды қызықтырар тың туынды болары анық.
М. Өтегенова,
М.Әуезов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі.