Сегіз қырлы,бір сырлы полицей

Жанбота Байболатұлы саладағы қызметін 2009 жылдың сәуір айында бөлімнің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымынан бастаған. Осы қызметті абыройлы атқарып жүріп 2015 жылыҚазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 2015 жылдың маусым айынан бастап бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалған.
Таңмен жарыса тұрып,халық игілігіне қызмет атқаратын полиция капитаны Жанбота бөлім басшылығынан берілген тапсырмаларды, нұсқаулардыбұлжытпай орындауда аса жауапкершілікпен қарап, уақытпен санаспай,өзіне бекітілген учаскелік аймағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысты болдырмау және алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізеді.
Оның бұл еңбегі бағаланып, ҚР ІІМ-нің ІІ, ІІІдәрежелі«Ішкі істер органдарындағы Мінсіз қызметі үшін» медалімен, бөлім бастығының және аудан әкімінің құзырымен бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған және бөлімнің бұйрығымен «ІІ сыныпты маман» біліктілігі берілген.

Жанбота көпбалалы, өнегелі отбасынан шыққан. Отбасындағы ақылшысы, көпбалалы қарт анасы Тұрсынова Сәнім әженің ақылын бойына сіңіріп өскен ол бүгінде нағыз азамат қандай болатынын көрсетіп келе жатқан жігерлі азамат. Бір басына бірнеше өнерді дарыта білген ол қызметті, өнерді, спортты жеке өмірімен қатар ұстап, бәріне уақыт тауып, салауаттылықты серік етіп келеді. Тек қызметтік беделінен бөлек отбасылық өмірде де әкелік міндетін адал орындауда. Бүгінде сегіз қырлы, бір сырлы полицей аяулы жары Айман Тұрсыновамен бірге 2 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының тірегі.

О. ЖОЛДАСОВ