Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі көлік саласы қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі көлік саласы қызметкерлерін құттықтады

Құрметті көлік саласы қызметкерлері!
Сіздерді тамыз айының алғашқы жексенбісімен қатар келетін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда көлік саласы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей әсер ететін экономиканың негізгі күші әрі күретамыры болып саналады. Ал теміржол саласы еліміздің жүк айналымының жартысын тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, ел экономикасының дамуы барысында маңызды рөл атқаратын сала. Машинистер, олардың көмекшілері мен жолсеріктері миллиондаған жолаушылардың өміріне және тасымалданатын мыңдаған тонна жүктерге жауапты. Кез келген техникада күшпен қатар қауіп те жүреді. Ал уақыттың құны бәрінен жоғары.
Болат жол бойындағы үздіксіз қозғалысты реттеп, барыс-келістің қауіпсіздігіне жауапты сала мамандарының ерлікке тән еңбегін әркез жоғары бағалаймыз.Осы жолдағы өлшеусіз еңбектеріңіз, қозғалыстағы қырағы қабілеттеріңіз қай құрметке болсын лайықты!
Қадірлі сала мамандары!
Маңызды логистиканың тамырына қан жүгіртіп, уақытпен санаспай жасап жүрген қызметтеріңіз әрқашан табысты болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Әркез еңбектеріңіз жанып, сый-құрметтің төрінде болыңыздар!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Сурет: qazaly.kz

03 тамыз 2024 ж. 128 0