Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы түсіндірілді

Президент Жолдауы түсіндірілді

Бүгін АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері Арал индустриалды-техникалық колледжінің мекеме қызметкерлері мен студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Сонымен қатар АЭС салудың маңызы туралы да сөз болды. Спикерлер қатысушыларға референдумның маңызды демократиялық құрал екендігін айтты. Сондай-ақ, жастарды ел болашағына әсер ететін маңызды мәселелерде өз пікірін білдіруде белсенді болуға шақырды.
Айта кетейік, АЭС салу әлемдік тәжірибе және басқа елдерде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылып жүр. Қазіргі таңда елімізде АЭС салу мәселесі халық арасында кеңінен талқылануда. Мемлекет басшысы Жолдауда 6 қазан күні Республикалық референдум өтеді деп хабарлаған болатын.
"Толқын" ақпарат
13 қыркүйек 2024 ж. 89 0