Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атом энергетикасының игілігін көруіміз керек – Қызылордадағы Халықтық штаб

Атом энергетикасының игілігін көруіміз керек – Қызылордадағы Халықтық штаб

Энергия тапшылығы соңғы жылдары халық пен бизнеске қатты сезіліп отыр.

АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін шешіп, оның алдағы экономикалық дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Күн тәртібіндегі өзекті мәселенің маңыздылығын түсіндірген Халықтық штаб өкілдері білім саласы қызметкерлермен кездесуде осылай деді.
Республикалық Халықтық штаб мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Жалағаш ауданында болып, өңірлік штаб мүшелерімен бірге ұстаздар қауымымен кездесті.
Кездесуде 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Мархабат Жайымбетов АЭС идеясына қазақстандықтардың қолдау білдіргені маңызды екенін атап өтті. Сондықтан партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бүгінгі таңда Халықтық штаб мүшелері өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр. Қазірдің өзінде халық тарапынан бейбіт атом идеясына үлкен қолдау байқалады.
«Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдердің халықпен бірлесе отырып қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Бәріміз  жаңартылған Конституция үшін дауыс бердік. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз. Бұл жолы да бірлесіп, еліміздің прогрессивті дамуына тағы бір батыл қадам жасауымыз керек. 6 қазанда біз батыл шешім қабылдап, АЭС құрылысына дауыс беруіміз керек», – деді М.Жайымбетов.
Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов кәсіби мамандардың дәлелді сөздері күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом энергиясына қатысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында білім саласының қызметкерлері АЭС құрылысына қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Таң ауылының тұрғындары референдумға бір кісідей қатыспақ

Халықтық штаб өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов пен облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек  Есмаханов Таң ауылының тұрғындарымен  кездесіп, АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Бүгінде қолданысымыздағы көп дүние электр қуатымен байланысты. Барлық тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар және интернет соның арқасында жұмыс істейді. Ол үйімізді, көшелерді жарық етеді, ал соңғы кездері онымен көлігімізді де қуаттайтын болдық», -  деді Мархабат Жайымбетов.«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Бұл орайда Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет екенін, сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керектігін айтқан болатын. Еліміз қарыштап дамыған сайын тұрғындардың да электр қуатына деген қажеттілігі күн санап артуда. Сондықтан бүгінгі күнді бағдарлы, келешекті кемел ету үшін АЭС салудың маңызы зор деп санаймын»,- деді Алмасбек Есмаханов.«АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам қаражатты жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндік береді. Таза жасыл атом энергетикасы 2060 жылы көміртегі салығы енгізілген кезде отандық тауарларымыздың шетелдік нарықта сәтті бәсекелесуіне жағдай жасайды», - деді Өмірзақ Елеусінов.
Жиында АЭС салынса болашақта энергия көздерінен ешқандай тапшылық көрмейтініміз, оған әлемдегі АЭс қуатын ұтымды пайдаланып отырған елдер дәлел екені айтылды. Спикерлер тұрғындарды 6 қазан күні өтетін референдумға бір кісідей қатысып, өз ұстанымдарын көрсетуге шақырды.
Сенаторлар медицина саласының өкілдерімен АЭС мәселесін талқылады

Адам жанының арашасы, медицина мамандары қай заманда болсын үлкен құрмет пен мәртебеге ие. Қиын да, жауапты маман иелері күніне ондаған науқас қабылдап, емдеп, ота жасап, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Әрине, жиында көпшілікті толғандырған сауалдың бірі – атом энергиясының қоршаған ортаға, адамзатқа әсері жайлы болды.
Басқосуда Халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов: «Жақында Алматы іргесіндегі Ядролық физикалық институт жұмысымен таныстық. 1957 жылы негізі қаланған орталық еліміздегі жетекші ғылыми ұйымның бірі. Бұл жақта  ғалымдар уранды толығымен іске асырып, пайдалану жұмыстарын жүргізуде. Іске асыруға мүмкіншілігі жетпеген бөліктерін арнайы сақтау орындарына жинап, уақыт өте жаңа технологиялар көмегімен 90 пайызға дейін пайдаланып, қалдықсыз жұмыс істеуге ниетті. Бүгінде қоғамға атом станциясы салынған жағдайда оған қанша мөлшерде су кететіні, оның қауіпсіздігі жайлы ақпарат өзекті. Біз осы үшін арнайылап орталықтың жұмысымен танысқан болатынбыз. Станция тұтынатын су көлеміне келер болсақ, «Балқаш» көлінің булануынан ауаға тарайтын су мөлшерінің 0,32 пайызы ғана станция жұмысына жетіп артылады. Сондай-ақ орталықтың жұмысын «МАГАТЭ» халықаралық ұйымы ұдайы бақылайды. Ұйым мүшелері ресми, бейресми түрде де тексеру-бақылау жұмыстарын жүргізеді»,-деді.
Кездесуде Еуропа, АҚШ, Ресей секілді дамыған елдерде атом энергетикасының тиімділік нәтижесі де талқыланды.
Өз сөзінде штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов: «Қазақстанға бес Франция сыяды дейміз. Сол Францияның өзінде 56 атом станциясы жұмыс істеп тұр. Бүгінде халқымыз тұтынатын электр қуатының бір бөлігін көрші Ресейден сатып алып отырмыз. Бұл бір жағынан энергетикалық тәуелділік болса, екінші жағынан тариф бағасының өсуі де халық қалтасына ауыр соғатыны анық. Сондықтан елімізде атом энергетикасының тиімділігін арттырып, пайдасын көру қажет. Жер қойнауымызда пайдалы қазбалар жеткілікті. Соның бірі – уран. Уранды өндіру, атом энергетикасын дамытуда елімізді білімді мамандар бар. Жақында біз барған Ядролық физикалық институт өкілдері келешекте қажетті мамандарды даярлауға мүдделі екенін атап өтті. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен стартегиялық маңызды мақсат-міндеттерін әлеуметтік буын өкілдері ретінде сіздер дұрыс түсініп, қолдайды деп ойлаймын»,-деді.
Басқосуда қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев атом энергиясының қоршаған ортаға тигізер әсері мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған негіздерге тоқталды.
Кездесу соңында сала өкілдері атом энергетикасына қатысты сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.
Байқоңыр жастары АЭС-ке қатысты толғандырған сұрақтарына жауап алды
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Байқоңырлық жастармен жүздесті.
Республикалық Халықтық штаб мүшесі Қазақстанның жаһандық прогрестен тыс қалмауы қажет екенін айтып, АЭС салудың маңыздылығына назар аударды. АЭС құрылысы жастарға үлкен мүмкіндіктер тудыратынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен ғылыми зерттеулердің кеңеюіне жол ашатынын ерекше атап өтті.
«Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін бізге АЭС секілді ірі жобалар қажет. Бұл жоба тек энергиямен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар еліміздің ғылыми әлеуетін арттырады, жаңартылған технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Жастарға бұл жобада үлкен рөл беріледі, өйткені олар болашақтың мамандары, АЭС сынды жоғары технологиялық нысандарды басқаратын кадрлар болады», – деді М.Ергешбаев.
Өз кезегінде жастар АЭС салу арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізіп, ғылым мен технологияның жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік беретіні туралы тілге тиек етті.
Жастар атынан Байқоңыр қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Азамат Ердаулетов, Байқоңыр қалалық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Ақерке Абдиканиева АЭС салу бойынша ой-пікірлерін білдірді.
«АЭС салу елімізге әлемдік деңгейде жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Жастардың бұл салада өз үлесін қосуы өте маңызды. АЭС – бұл жаңа деңгейдегі ғылым мен техниканың тоғысуы, және біз, жастар, осы процестің ортасында болуымыз керек», – деді А.Ердәулетов.Ақерке Абдиканиева АЭС-тың жастарға беретін мүмкіндіктеріне тоқталып: «АЭС салу – бұл еліміздің болашағына жасалған инвестиция. Біздің елде осындай ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы біз жастардың болашағына үлкен мүмкіндік ашамыз», – деп ойын жеткізді.
Жиынға қатысқан Қармақшы аудандық Халықтық штаб мүшелері Мақсат Есбенбетов пен Сейл Жұмадьяров өз сөздерінде атом электр станциясының құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді. Ол сондай-ақ Қазақстанның энергетика саласына заманауи технологияларды енгізуге әкеледі деп атап өтті.
Жиын соңында Байқоңырлық жастар АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Қазалы қариялары AЭС құpылысынa қолдaу білдіpді
Қaзaлылық apдaгepлep aтом элeктp стaнциясы eліміздің болaшaғы үшін қaжeтті жобaның біpі дeп сaнaйды. Бұл туpaлы AЭС сaлуды қолдaу жөніндeгі Хaлықтық штaб мүшeсі, ҚP Пapлaмeнті Мәжілісінің дeпутaты Мұpaт Epгeшбaeвтың aудaн apдaгepлepімeн өткeн кeздeсуіндe aйтылды.
Кeздeсудe Хaлықтық штaб мүшeсі Пpeзидeнттің AЭС сaлу туpaлы peфepeндум өткізу бaстaмaсының мaңыздылығынa тоқтaлып, бұл қaдaм «Хaлық үнінe құлaқ aсaтын мeмлeкeт» тұжыpымдaмaсының көpінісі eкeнін aтaп өтті. Мұнан соң аудан ақсақалдарымен AЭС-тің apтықшылықтapы, олapдың экологиялық қaуіпсіздігі жәнe экономикaлық тиімділігін кeңінeн тaлқылaды.
«Eліміздe энepгeтикaлық кeшeндepдің 70 пaйызының тозығы жeтіп тұp. Сондықтaн қaзіpдeн бaстaп aтом энepгeтикaсының игілігін көpугe жұмыс жaсaуымыз қaжeт. Оның құрылысы ұзақ уақытқа созылады. Біз AЭС сaлу apқылы тұpaқты жәнe сeнімді қуaт көзін қaмтaмaсыз eтe aлaмыз. Aтом элeктp стaнциялapының көміp мeн гaздaн apтықшылығы олapдың пapниктік гaздapды шығapмaуы жәнe экологиялық тaзa энepгия өндіpуі. Бұл біздің eліміз үшін өтe мaңызды қaдaм», – дeді Хaлықтық штaб мүшeсі.
Aл өз кeзeгіндe қaзaлылық apдaгepлep біpaуыздaн aтом элeктp стaнциясының құpылысын қолдaйтындapын жeткізді. Олар мaңызды бaстaмa хaлықтың әлeумeттік әл-aхуaлынa, eл экономикaсының оpнықты дaмуынa оң ықпaл eтeді дeгeн пікіpдe.

Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөзден 

26 қыркүйек 2024 ж. 128 0