Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қадірлі ағайын!
Құрметті жерлестер! 
Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды мереке. 
Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз, діліміз, дініміз жаңа белеске бет түзеп, қайта жаңғырды. Қазақстан халқы ұлы мұратқа бет алды. Татулық пен тұрақтылық орныққан Отанымыз – Қазақстан ынтымақтың ұясына, татулықтың төріне айналды. Айтулы мереке әрбір қазақ азаматының жанына жақын, жүрегіне ыстық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты Тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс», – деп атап өткен болатын.
Елдің дамып-өркендеу көшінде аралдықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдімін.
Ардақты ағайын!
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға
амандық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі А.ОҢҒАРБАЕВ
16 желтоқсан 2024 ж. 60 0