Аудан әкімі қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесті

Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру және қоғам мүддесін қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын - алу және оларды шешу мақсатында құрылған консультативті-кеңесші орган болып табылады.
2024 жылы аудандық Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 7 мәрте отырыс өткізіліп аудандағы өзекті деген біршама мәселелер қаралған. Сондай-ақ, ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты түйткілді мәселелер де Қоғамдық кеңестің ұдайы назарында. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың нормативтік – құқықтық актілерінің 18 жобасы қаралып, жобаларға қатысты келісім берілген.
Кездесу барысында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, алға қойған біршама мендеттерді ортаға салды. Сонымен қатар елдік мүдде жолында келелі бастамаларға түрткі болып, ортақ абыройға қызмет еткен қоғамдық кеңестің бірнеше шақырылымдағы мүшесі болған азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы жаңа құраммен жұмысқа кіріскен қоғамдық кеңестің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ортақ мүдде жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.




Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі