Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Тақиядағы жүгіріс» сайысы алғаш рет өтті

Қызылордада «Тақиядағы жүгіріс» сайысы алғаш рет өтті

2025 жылғы 10 мамыр күні Қызылорда облыстық Татар этномәдени орталығының онкүндігі аясында алғашқы рет – «Тақиядағы жүгіріс» сайысы өтті.
№4 мектеп маңындағы Арбаттан басталған шараға түрлі жастағы қатысушылар жиналып, ұлттық бас киім – тақия киіп, жарыс жолына шықты.
500 метрден 1000 шақырымға дейінгі қашықтықта өткен жүгіріс сайыстары ерекше көңіл-күй сыйлап, қызықты сәттерге толы болды.
Жас ерекшелігіне қарай 5 кезеңнен тұратын жарысқа:– ардагерлер,– бастауыш сынып оқушылары,– орта және жоғары сынып оқушылары,– жастар қатысты.
Шара соңында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталып, керемет әсермен тарқасты.
Ұлттық мәдениет пен спортты ұштастырған бұл бастама дәстүрлі шараға айналарына сенеміз!Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға үлкен алғыс!

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: Ассамблея Қызылорда
11 мамыр 2025 ж. 52 0