Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара өткізілді

«Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара өткізілді

«Алтын ұя» мектебін бітіріп, тағы бір оқу жылын аяқтап, жаңа өмірге, жаңа арманға қанат қаққан жас түлектерге арналған «Мектебім,саған мың алғыс!» атты салтанатты шара өткізілді.
Салтанатты шараға мектебіміздің 34-ші түлегі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаменті директоры Абсатова Марфуға Абсатқызы, Қызылорда қаласындағы
«Қазақ республикалық лепрозорий» ҚР ММ жетекшісі Сейталиев Молдағали Ақбайнашұлы, Аудандық «Толқын» газетінің бас редакторының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағаның мүшесі Абай Елеш, бітіруші түлектердің ата-аналары және ұстаздар қатысты.
Шараны мектеп директоры Ләззат Жұбаханқызы ашып, өз сөзінде түлектерге жүрекжарды тілегін арнады. Ол білім ордасының шәкірттері бүгінде өз арман-мақсаттарының соңынан еріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрғанын айтып, әрқайсысына жарқын болашақ пен табыс тіледі. "Мектеп – әр адамның өміріндегі алғашқы тұғыры. Біз сіздерге сенеміз. Бүгінгі түлек – ертеңгі ел тірегі!" деген керемет сөздерімен бітіруші түлектерге сенімін білдірді.
Салтанатты жиында педагогика ғылымдарының докторы,профессор, шәкіртақы құрылтайшысы Абсатова Марфуга Абсатқызы түлектерге және мектеп ұжымына жүрекжарды лебізін білдіріп, әкесі “Ғасыр тұзшысы” Сақтағанов Абсат Абдуалиұлы атынан көлемі 50000 теңгеден тұратын бітіруші жеңімпаз 6 (алты) түлекке шәкіртақы ұсынды:
1.Аян Әлмұханқызы - 50000тг
2.Еркеназ Асылханқызы - 50000тг
3.Саягүл Ембергенова - 50000тг
4.Нұржан Бақытбекұлы - 50000тг
5.Балнұр Қуандыққызы - 50000тг
6.Аягөз Тілеулесова - 50000тг
Мектеп түлектері өз кезегінде атаулы шәкіртақы үшін зор алғыстарын білдіріп, сенімді ақтайтындарына уәде етті.
Шара барысында мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен әндер шырқалып, би қойылымдары ұсынылды. Естелік видеолар мен фотосуреттер арқылы түлектердің мектептегі естеліктері көз алдарына қайта оралды.
"Мектебім, саған мың алғыс!" атты бұл салтанатты жиын – түлектер үшін мәңгі есте қалатын, жүректерге із қалдырған ерекше күн болды. Бұл – жаңа өмірдің баспалдағына аяқ басар сәт, ал мектеп – сол жолдағы алғашқы шырақ.
Жолдарыңыз ашық,болашақтарыңыз жарқын болсын!


"Толқын" ақпарат

26 мамыр 2025 ж. 59 0