Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді қабылдау Сазды ауылында

Мобильді қабылдау Сазды ауылында

Бүгін Сазды ауылдық клубында Мобильді қабылдау өткізілді. «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы  Аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы Сазды ауылының тұрғындарын қабылдады.
Сазды елді-мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету, Су ұңғымаларын қазу, жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.
Мобилді топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Мобильді топтардың мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді.
#«AMANAT»
30 шілде 2025 ж. 48 0