Жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізілді

Бүгінге дейін жұмыс тобы мүшелері базарлар және сауда үйлерін, қоғамдық тамақтану орындарын, сондай-ақ, базар айналасында белгіленбеген орындарды және қала аумағындағы қоқыс қалдықтары жиі төгілетін орындарда бақылау жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтарға байланысты кәсіп иелері мен жеке тұлғаларға арнайы хаттама рәсімделген.
Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстар әлі де көңіл көншітпейтінін алға тартып, жұмыс тобының жетекшісіне бірқатар міндеттер жүктеді. Сондай-ақ жұмыс тобының құрамына халық қалаулыларымен қатар, азаматтық қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің де өкілдерін тарту жөнінде тапсырма берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі