Президент Жолдауы байыпты бастамаларға жетелейді

Шара барысында қатысушылар Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтарға тоқталды. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауылды дамыту, жастарға қолдау көрсету, экономиканы әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері кеңінен сөз болды.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, Президенттің бастамалары елдің дамуына жаңа серпін беріп, қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтады. Сонымен қатар, партия мүшелері әрбір азамат Жолдауда айтылған міндеттердің орындалуына өз үлесін қосуы тиіс деген ортақ пікірге келді.
Жиналғандар Мемлекет басшысының тапсырмаларын қолдап, оларды жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
#АМАНАТ