Қарттарға құрмет көрсетілді

Ардагерлерге арналған кеште ізгі тілектер мен құрметке толы лебіздер айтылып, кеш қонақтарына ерекше ілтипат көрсетілді.
Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев сөз алып, ақсақалдарға жүрекжарды алғысын білдірді.
– Халқымызда «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген қанатты сөз бар. Біз сол қастерлі құндылықты бойымызға сіңіріп өскен халықпыз. Тілеуі адал, арманы татулыққа айналған ардақты жандар қазір де жасбуынға үлгі көрсетіп, бір елдің ұйытқысына айналып отыр. Қариялар – елдің қазынасы, бірлігіміздің тірегі. Сіздерге деген құрмет пен алғыс баршамыздың азаматтық парызымыз, – деді Нұрмұхамед Омарұлы.
Мерекелік шара барысында ардагерлерге арналған арнайы сый-сияпаттар табысталып, мәдени бағдарламалар ұсынылды. Өнерпаздар әсем әндер шырқап, күй мен жырдан шашу шашты.


"Толқын" газеті