Тілеулестен ақ тілек
"Аралым – айдын шалқарым, құт береке қоған жер" деп сонау 1930 жылдың 1 қарашасынан осы күнге дейін, яғни ғасырға жуық оқырмандарының көңілінен шығып келе жатқан – "Толқын" газеті. Ауданымыздың шежіресіне баланған басылымның 95 жыл толуына орай, өңіріміздің тыныс-тіршілігін қалың оқырманға жеткізе білген басылымның тарихы әріден бастау алатынын білеміз. Толқынның қай бетін ашып қарасақ та әрбір саланың жетістіктері рухани жаңғыруы, тіл мен дінімізді, салт пен дәстүрімізді, ауданымыз бен ауылдардың өркендеуі, салауатты өмір салтын ұстау, өнегелі қарияларымыздың өнегелі өсиеттерін осы күнге де, кейінгі ұрпақтарға да өнеге алатындай ұлағатты сөздерін оқып, көңіліміз көтеріліп, өзімізше ой түйіндейміз. Ой түйіндегеніміз емес пе?! 2025 жылдың екінші жартыжылдығында «Толқын» газетіне жазылуға үлкен белсенділік танытып келеміз. 2026 жылға да Толқын газетіне жазылу басталып кетті. Әсіресе, №74 мектеп ұжымдары, «Балбөбек» балабақшасы, клуб, кітапхана, ФАП, әкімшілік ұжымдары, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер және ауыл ардагерлері ұйымшылдық танытуда.Жалпы «Кітап, газет-журнал, білім – жан азығы» деген. "Толқынның" толымды істеріне толағай табыс тілей отырып, ауданымыздың әрбір шаңырақтарында «Толқын» газеті тұрып, оқырмандары көп болсын.
Сердалы ШАЛБАЕВ,
Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Қызылорда облысының құрметті ардагері,
Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі









