Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Қадірлі ағайын!
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!
Тәуелсіздік мерекесі – ғасырлар бойы бабалар арманының ақиқатқа айналып, ұлы мұраттардың шын мәнінде жүзеге асқан тарихи белесі.
Биыл мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 34 жыл толды. Азаттық сыйлаған әр күннің айшықты сәті, әр жылдың толайым табысы тарих қатпарларында тізбектеліп жатыр.
Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылыққа негізделген мемлекетіміздің экономикасы қарыштап дамып, бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем, келешегі кемел ел болды.
Елдің даму көшінде аралдықтардың да өз орны бар. Өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдімін.
Ардақты ағайын!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі А. Оңғарбаев
16 желтоқсан 2025 ж. 283 0