Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындар мәселесін тыңдады

Аудан әкімі тұрғындар мәселесін тыңдады

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар жұмысқа орналасу, тұрғын үй және жер мәселелері бойынша жүгінді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы келушілердің мәселелеріне жеке тоқталып, тұрғын үй қажеттілігі және жер алу мәселесімен келген адамдарға баспанамен қамту бойынша жауапты мамандар тарапынан түсініктеме беріліп, заңдылыққа сәйкес нұсқаулықтар айтылды.

Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына «е-otinish» бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

25 желтоқсан 2025 ж. 266 0