Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда

Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен мереке кезіндегі қауіпсіздік шараларына қатысты жиын өтті.

Аудан басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арнайы тоқталып, қоғамдық тәртіпті сақтау, ықтимал келеңсіз жағдайларды болдырмау және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылау жөнінде құзырлы орган басшыларына тапсырма бүктеді.

Сондай-ақ сауда орындарында пиротехникалық заттардың заңсыз сатылуына жол бермеу, қала көшелерін тазалау және көлік қозғалысы жұмыстарын сапалы жүргізу мен күнделікті тұрмыста қажет жылу, жарық, газ, су және байланыс сынды маңызды инфрақұрылым желілерінің қызметін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі жауаптыларға қатаң ескертілді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы барлық қызметкерлерді мерекелік кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

27 желтоқсан 2025 ж. 59 0