Балалар қауіпсіздігі мен құқығы – басты назарда
Арал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаевтың төрағалығымен өткен жиынға құқық қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды саралады.Алдымен Арал ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы А.Сермағамбетова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері мен алдағы іс-шаралар жөнінде мәлімет берді.
Мұнан соң, Аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Қуанышбаев бала жанының күйзелісі мен соның салдарынан туындайтын қатерлердің алдын алу, психологиялық қолдау көрсету бойынша дәрігерлік және қоғамдық міндеттерге тоқталды.
Комиссияның қорытындысы бойынша, жауапты мамандарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ 2025–2026 оқу жылынан бастап енгізілген «Адал азамат» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен қатар, негізгі мақсат – жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда ұстау.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі










