Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фитосанитариялық қауіпсіздік - аграрлық тұрақтылықтың кепілі

Фитосанитариялық қауіпсіздік - аграрлық тұрақтылықтың кепілі

Kyzylorda-news.kz Фитосанитариялық қауіпсіздік аграрлық саладағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл бағыт ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, өңделген өнімдердің экспортын ұлғайтуға және еліміз үшін жаңа нарықтардың ашылуына берік негіз қалайды.
Аталған мәселе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ерекше маңызға ие. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Мұхтар Оразбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, фитосанитариялық бақылау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты тетіктерінің бірі.
«Инспекция тарапынан 2025 жылы 2895 фитосанитариялық сертификат беріліп, шет мемлекеттерге жалпы көлемі 126 981 тонна ауыл шаруашылығы өнімі және 921 822 дана картон қораптар мен поддон экспортталған. Бұл көрсеткіштер өңір кәсіпкерлерінің сыртқы нарықтағы белсенділігін айқындайды. Ал биылғы жылдың өзінде 173 фитосанитариялық сертификат және 1 есепке алу нөмірі (ЖК «Жамалова») берілген.
2025 жылдың қорытындысымен облыс аумағындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда базарларына жүргізілген бақылау және қадағалау жұмыстары барысында 147 заң бұзушылық анықталды. Ал ағымдағы жылы 2 айыппұл салынды. Бұл көрсеткіштер бақылау шараларының жүйелі жүргізіліп, заң талаптарының сақталуына қатаң мән беріліп отырғанын аңғартады. Қазіргі таңда Қызылорда облысы аумағында фитосанитариялық бақылау жүргізетін 3 бекет жұмыс істейді. Олар «Әуежай» фитосанитариялық бақылау бекеті, «Қызылорда ТемірЖолы» фитосанитариялық бақылау бекеті және «Байқоңыр» фитосанитариялық бақылау бекеті. Бұл бекеттер арқылы облысқа кіретін және шығатын жүк тасымалына тиісті тексерулер жүргізіліп, карантиндік нысандардың таралуына жол берілмейді, - деді Мұхтар Әуесұлы.
22 ақпан 2026 ж. 44 0