Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Аяулы апа-қарындастар!
Баршаңызды шуақты мереке
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Қазақ қашан да қызын құрметтеп, төрге шығарған, әйелін жарым, анасын асыл қазынам деп бағалаған. Әйел жаратылыстың ең ғажайып үйлесімі. Оның жанары үміттің шамшырағы, сөзі сабырдың саясы, жүрегі шексіздікке ұласқан мейірім әлемі. Әйел күлкісі көктемгі бұлақтай сыңғырлап, шаршаған көңілді сергітеді.
Әр үйдің шінен сезілетін жылылық Сіздердің бар болмыстарыңыздан тарайтын сәулелі нұр, сөнбес жарық. Сіздердің сабырларыңыз уақыттан да төзімді, мейірімдеріңіз зәм-зәм судан да мөлдір, парасаттарыңыз теңізден де терең.
Қадірлі ханымдар!
Сіздер өмірді әдемі етесіздер. Қарапайым күннің өзін мерекеге айналдыра білесіздер. Үйдің төріндегі шырақтай жанып, айналаға нұр шашасыздар. Сіздер барда әлем жұмсақ, сөз мейірімді, болашақ жарқын көрінеді.
Бүгін біз өздеріңізге бала -жар-әке болмысында бас иеміз. Себебі әр жетістіктің артында әйелдің сенімі, әр табыстың түбінде әйелдің қолдауы, әр азаматтың жүрегінде анасының үні тұрады.
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Жүректеріңізге мұң ұяламасын, жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!











