Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша семинар өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан Арал ауданы әкімі аппаратына жүргізілген жоспарлы тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес семинар өтті.Жиынға аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Қаратаев, қала әкімінің және дербес бөлім басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинар барысында аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімі тарапынан дербес бөлімдер, қала, кент және ауылдық округ мамандары тарапынан орын алған кемшіліктер талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде пікір алмасып, мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын бұзбау бағытында ұсыныстарын білдірді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі











