Жаңадан партияға қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталды
Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Арал аудандық мәслихатының және партия филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов, партия филиалының атқарушы хатшысы Талғат Қанатов Отбасын қолдау орталығына арнайы барып, оның қызметімен жан-жақты танысты.Аталған орталық – қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған маңызды орталық . Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету, сондай-ақ “Белсенді ұзақ өмір” сияқты әлеуметтік маңызы зор жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Орталықтың негізгі мақсаты – әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға ықпал ету және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Кездесу барысында партия өкілдері орталық мамандарымен пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, орталыққа жүгінген азаматтармен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Бұл – халықпен кері байланысты нығайтып, нақты мәселелерді дер кезінде шешуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі болды. Жаңа мүшелерге үлкен сенім артылып, олардың қоғам игілігі жолында белсенді еңбек ететініне сенім білдірілді. Бұл – азаматтардың ел дамуына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.
#AMANAT











