Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында өзекті мәселелер қаралды

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында өзекті мәселелер қаралды

Бүгін Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырысты Комиссия төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы ашып, жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және аудандық автомобиль жолдары құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Отырыста білім бөлімінің өкілі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы жол инфрақұрылымын дамыту және жөндеу жұмыстарының барысы жөнінде ақпарат берді.

Аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның мәліметіне сәйкес, Арал ауданында мүмкіндігі шектеулі 599 бала тіркелген. Оның ішінде 228 бала жалпы білім беру ұйымдарында оқиды, 85 бала үйден оқытылады, 150 бала мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленеді, 46 бала әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде қамтылған, 27 бала колледждерде, 4 бала жоғары оқу орындарында, 7 бала арнайы интернаттарда, 26 бала түзету кабинеттерінде, 47 бала арнайы сыныптарда білім алуда.

Ауданда инклюзивті білім беруді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 33 мектепте инклюзивті қолдау кабинеттері ашылып, №262 мектеп-гимназиясында инклюзивті ресурстық орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар 35 білім беру ұйымында 42 арнайы маман, 74 педагог-ассистент ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсетуде.

2025 жылы бірқатар білім беру ұйымдарында жаңа инклюзивті қолдау кабинеттері ашылып, материалдық-техникалық база кезең-кезеңімен жаңартылуда.

Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті
Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында инклюзивті ресурстық орталық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, 6 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, арнайы оқу-дамыту құралдары сатып алынды. Сондай-ақ арнайы оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Қазіргі таңда 347 оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар 325 оқушы қосымша біліммен қамтылып, олардың бір бөлігі спорттық және шығармашылық үйірмелерге тартылған.

ыны жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған. Оның ішінде 832 бала «Қамбаш» орталығына жіберілсе, 2635 оқушы мектеп жанындағы лагерьлермен қамтылуда. Сонымен қатар мыңдаған оқушы үйірмелерге, спорттық, этно және шатырлы лагерьлерге тартылып, тарихи-танымдық экскурсияларға қатысуы жоспарланған.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе ретінде аудандық автомобиль жолдары құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы аудан аумағындағы жолдардың жай-күйі, жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысы туралы толық ақпарат берді.

Отырыс қорытындысында қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, инклюзивті білім беру сапасын арттыру, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және аудан инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігі атап өтілді.
29 мамыр 2026 ж. 61 0