Арал аудандық мәслихатының кезекті 51-сессиясы өтті
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Арал аудандық мәслихатының кезекті 51-сессиясы өтті.Сессия жұмысына аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов жүргізіп, тұрақты комиссияда көтерілген бірқатар мәселелерді ортаға салды.
Сессия барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндады.
Жиын барысында аудандағы құқықтық тәртіп пен қылмыстың алдын алу шаралары жөнінде аудандық Полиция бөлімінің басшысы Б.Құдайберген хабарлама жасады.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу, 2026–2028 жылдарға арналған Арал қаласы, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері мен барлық ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қатысты мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.












