FlyArystan алғашқы айда 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады
FlyArystan алғашқы айда бағдарлар кестесіндегі 6 бағыт бойынша қатынап, операциялық жұмысының нәтижелерімен бөлісті.
Бірінші қазақстандық лоукостер 2019 жылдың мамыр айында 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдап үлгерді. Өткен айда орындалған рейстер саны 309 болса, оларды уақытылы орындау көрсеткіші 94% жетті, ал әуекемелердің жүктеме коэфиценті 93%-дан асып түсті.
Әуекомпания сайтында 26 қазанға дейін ұшуды жоспарлаған жолаушылар үшін билет сатылымы ашық. Сол себепті мамырдың соңына дейін сатылған 125 мыңнан астам билеттердің 60% көбі – бірнеше ай бұрын сапарларын жоспарлап, келешекте саяxатты орындауды жөн көріп отырған жолаушылар саны екенін атап кеткен жөн.
"Қарапайым xалық үшін құрылып, FlyArystan компаниясы қолжетімді сапарларды шегу мүмкіндігін кеңімен сыйлап отырған әуетасымалдаушысы болу біз үшін құрмет. Жақында біз 94 жастағы қартты әуебортымызда апарсақ, сол мамыр айында 17 күндік нәрестені де ұшырған едік. Балалар – біздің ерекше саяхатшыларымыз екенін атап кеткен жөн, себебі олар ортақ жолаушылар санының 11%-ын құрайды, ал кейбіреулері үшін FlyArystan-мен бірге орындаған сапарлары өмірлеріндегі бірінші саяхат", - деп атап өтті әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы қазақстандық лоукостер 30 мамырдан бастап оңтүстік астанадан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағанды шаһарларына орындалатын рейстерге қоса жаңа Алматы-Павлодар-Алматы және Алматы-Шымкент-Алматы бағыттары бойынша да қатынай бастады. Билеттерді flyarystan.com сайтында брондауға болады.
https://baq.kzӘуекомпания сайтында 26 қазанға дейін ұшуды жоспарлаған жолаушылар үшін билет сатылымы ашық. Сол себепті мамырдың соңына дейін сатылған 125 мыңнан астам билеттердің 60% көбі – бірнеше ай бұрын сапарларын жоспарлап, келешекте саяxатты орындауды жөн көріп отырған жолаушылар саны екенін атап кеткен жөн.