Сансыз мүмкіндіктерге жол ашады
Болашақ ұлттың табысты болуының нақты тетігі болып саналатын бәсекелестік қабілет қазіргі қоғамның сұранысына сай аса қажет басты талаптардың бірі ретінде қарастырылуда. Түбінде адамнан адам ақыл-білімімен озатынын ата-бабаларымыз айтып кеткен болса, сол білімді ұштай түсу қазіргі заманның айнымас қағидасына айналып келеді. Олай дейтін себебіміз, Елбасымыздың өзі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бәсекелестік қабілетті арттыру жайына кеңінен тоқталды. Онда осы ғасырға лайықты қасиеттерге ие болудың басты талаптары компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін жетік меңгеру, мәдени ашықтық сияқты факторлар екенін айттты. Бұл ретте, «Цифрлық Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдараламалар–ұлтымызды, яғни, барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы екендігіне айрықша тоқталды.
Иә, заман талаптарына мойынсұнып, ондағы жетістіктердің қыр-сырына қанығып, заманауи технологияларды еркін меңгеруді көздейтін бағдарлардың бірі–«Цифрлы Қазақстан» екені даусыз. Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұл бағдарлама еліміздегі жастардың жаңашыл бағыттарына жаңа серпін бергендей. Жалпы, цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздік алған бастапқы кезеңдерде-ақ батыл енгізіле бастады. Оған себеп, мектептерді компьютерлендіру, сымсыз байланыс орнату, желілік телеарна, қағаз жүзіндегі жұмыстардың компьютердің арқасында жеңіл жүзеге асуы біздер үшін бүгінде үйреншікті дүниеге айналды. Одан бөлек, ғаламтор жүйесінің еліміздегі қарқынды дамуы біздің өмірімізбен тығыс байланыс орнатты. Бұл еліміз үшін сансыз мүмкіндіктер алаңына айналмақ.
Ш. Таспанова,
№83 орта мектептің мұғалімі.