Арал кәсіпкері шипажай ашты

– Денсаулық – адамның басты байлығы. Қай кезде де адамзаттың ең негізгі құндылығы өзінің саулығы. Адам саулығына қызмет ететін «Ая-Жан & ММ» шипажайы ел игілігі үшін жұмыс істей берсін, – деп Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары ізгі тілегін жеткізді.
Одан әрі салтанатты шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, аралдық кәсіпкердің бастамасымен қолға алынған бұл шипажайда 60 адамға дейін емдік минералды сумен емдеу-сауықтыру шаралары жүргізіледі.