Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алланың құдіреті»: Арыста жарылыстардан соң бүтін қалған мешіт жұртты таңғалдырды

«Алланың құдіреті»: Арыста жарылыстардан соң бүтін қалған мешіт жұртты таңғалдырды

Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында болған жарылыстан қаладағы ғимараттар мен үйлер зақымдалған. Алайда мешіт дін аман қалған

Instagram желісінде Арыс қаласындағы жарылыстардан кейінгі мешіттің видеосы жарияланды. Видео авторы мешіт пен оның жанындағы үйлерді салыстырған.
«Мешіттің бір әйнегі де сынбаған. Ештеңесіне зақым келмеген. Ал жанындағы үйлердің терезелері толықтай сынған», - дейді видео авторы.
Өз кезегінде желі қолданушылары мұндай жағдайға таңғалып, Құдайдың құдіреті екенін айтып жатыр. 
«Бұл да бір Құдайдың құдіреті шығар», «Алланың құдіреті-ай! Мешітке ештеңе де болмаған. Қасындағы үйді қараңыздаршы», «Алла Тағала өзін еске салып, елді тәубеге келуге шақырып жатқан шығар», - деп жазды пікір қалдырушылар. 
Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды.

 
25 маусым 2019 ж. 1 347 0