Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТБАСЫ - ӨМІР АЯСЫ

ОТБАСЫ - ӨМІР АЯСЫ

Бүгін, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылық жұптардың қатысуымен концерт берілді.
Концертке ауданымызға белгілі Сыдықовтар, Қуанышовтар, Хамидуллаевтар, Қадырқұловтар және Аманөткел елді мекенінен Ералиевтер отбасы өнер көрсетті.
Концерттік бағдарламада жергілікті сазгерлердің әндері мен халық әндері орындалды.
Кеш барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Төрахметов қатысушыларды отбасы күнімен құттықтап, бөлімнің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар тапсырды.
14 қыркүйек 2019 ж. 1 859 0