Хабарландыру
Арал аудандық прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында мобильдік топ құрылды. Мобильдік топтың негізгі мақсаты заңсыз тексерулерді болдырмау, бизнесті қолдау, ұзақ мерзімнен шешімін таппай жүрген мәселелердің заң тұрғысынан шешілуіне ықпал жасау, кәсіпкерлерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және бағыт-бағдар беру болып табылады.
Мобильдік топқа аудандық прокуратураның қызметкерлері және уәкілетті органдардың басшылары кіргізілген.
Егер кәсіпкерлік құқықтарыңызға нұқсан (бұзылса) келтірілсе дереу аудандық прокуратураға (2-19-94, 87025492777) хабарласуларыңыз сұралады.
Арал аудандық прокуратурасы.