Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Текті сөздің төресі – терме

Текті сөздің төресі – терме

Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдың: «Егістік жерді жаздың ыстық айларында бірнеше рет суармаса, шыққан егін мүлде қурап кететіні секілді дер кезін¬де жалғастығын таппаған дәстүр де жо¬ғବлады» демекші, өткен ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршіліктері, жыр-толғаулары мен терме жанрлары да қазіргі қалпымызға қарап айтылғандай. Дегенмен қай заманда да мәні мен сәні ескірмейтін бар мен жоқты, жаман мен жақсыны кеңінен сипаттайтын термешілік дәстүріміз әлі де жалғасын тауып келе жатқаны анық.
Осы тұста таяуда «Арал аудандық мәдениет орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Жас талап шықты сайысқа» атты аудандық термешілер байқауы өткізілді. Атаулы байқаудың мақсаты – өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған, халықтық дәстүрлер негізіндегі терме өнерінің жаңғырып, кең құлаш жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жас термешілерді анықтау. Сонымен бірге ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
Байқауға әр мектептен 45 оқушы қатысқан болатын. Бақ сынасқан жас термешілер байқауының қорытындысы бойынша кіші топ 8-11 жас аралығында бас жүлдені Бақтыбай Балнұр, І орынды Қуантқанова Назерке, ІІ орынды Октябрьұлы Нұрперзент, Толғанбекова Инабат, ІІІ орынды Қожабек Бекнұр, Әбілмәжін Әбубәкір, Құрманғалиева Аружан еншілесе, орта топтан 12-14 жас аралығында бас жүлдеге Шынбергенов Қазыбек, І орынға Мақсут Назира, ІІ орынға Ғабидулла Әлішер, Зияданова Инабат, ІІІ орынға Қосанов Еркебұлан, Жұбатқанова Ақерке, Таласқызы Кәусар ие болды, ал үлкен топтан 15-17 жас аралығында бас жүлдемен Қуантқанова Әсия, І орынмен Жүгініс Гүлфайрус, ІІ орынмен Бораев Дінмұхаммед, ІІІ орынмен Бердалы Сағидулла марапатталып, ақшалай сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді. Қалған байқауға қатысқан оқушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

(Өз тілшімізден)
16 қыркүйек 2023 ж. 1 744 0