Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Рух Санат» байқауының биігі

«Рух Санат» байқауының биігі

Тамыздың 1-2-сі күндері Қырғызстанда ауызша кәсіби музыка орындаушылардың «Рух Санат» І дүниежүзілік дәстүрлі мәдениет және музыка фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Жапония, Үндістан, Мысыр, Оңтүстік Корея, Польша, Бангладеш, Гвинея, Эстония, Мажарстан және Непал елдерінен өнерпаздар қатысты.

Байқау нәтижесінде отандастарымыз биік тұғырдан көрінді. Жеке орындаушылар арасында сырбойылық Салтанат Ерсұлтанның 1 орынға ие болуы жерлестері үшін үлкен мақтаныш. Ол қылқобызбен ән-жыр, терме айту өнерін жаңғыртып жүр. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті. Республикалық, әлемдік деңгейдегі өнер додаларына қатысып, топ жарып үлгерген.

Айта кетейік, Ыстықкөл жағалауында өткен фестивальда І орын иегерлеріне 200 мың сом (шамамен 1 млн 242 мың теңге) көлемінде жүлде тағайындалды. «Рух Санат» байқауы екі жыл сайын өтетін тұрақты халықаралық шараға айналды.

«СБ ақпарат»

syrboyi.kz

07 тамыз 2025 ж. 60 0