
Өнерімен өрге озған өрен
Сыр елі – жыр елі. Бұл – Сыр бойы халқыныңұраны, барша қазаққа таныс түсінік. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт бабалардан бастау алған Сыр бойының ақын-жырауларының есімі көпшілікке таныс. Әсіресе Сырдың құяр сағасына жақын, дарияның бойындағы биік жар қабағына орналасқан Мырзас елді мекенін...